Қоғам • 21 Наурыз, 2023

Дархан Қыдырәлі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Наурыз мерекесіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дархан Қыдырәлі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

«Қадірлі достар, қымбатты бауырлар!

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін, күн мен түннің теңелетін, барша жұрттың жақсылыққа кенелетін кезеңі – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Береке мен бірліктің, елдік пен еркіндіктің рәмізі іспетті Әз-Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Табалдырығымыздан аттаған Қоян жылы ырыс пен ынтымақтың, мейірім мен молшылықтың жылы болсын!

Ошағымыз оттан, азаматымыз аттан түспесін! Төңірегіңіз түгел, төрт құбылаңыз сай болсын! Жыл жақсылығымен келсін!», деп жазды ол құттықтауында.

.