Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шарада сөйлеген сөзінде мемлекет мүддесі мен ел бірлігінің маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлау маңызды өзгерістерге бастайды дей келіп, елдің дамуы үшін жұмыла жұмыс істеу керегін айтты.
«Азаматтарымыздың көзқарасы әртүрлі болғанымен, барлығының тілегі – бір. Бұл – елдің амандығы, мемлекеттің жарқын болашағы. Біз осы ортақ мақсат жолында жұмыламыз.
Алда атқаратын жұмыс көп. Бірлігімізді бекемдеп, бір ел болып іске кіріссек, алынбайтын асу жоқ. Мен жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болады деп сенемін. Мемлекеттің мүддесі – бәрінен биік», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысы өз сөзінде әсіресе, жастарға сенім білдірді.
«Біз жастарымызға қамқор болып, оларға барынша жағдай жасаймыз. Мен жастарға сенемін! Оларға зор үміт артамын! Ел болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Ендеше, туған елімізді бірге дамытайық, ағайын!», деді Президент.
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Президент • Бүгін, 16:48
Президент елорда әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
Президент • Бүгін, 16:36
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Ұқсас жаңалықтар