Әлем • 21 Наурыз, 2023

БҰҰ: Украинада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Украинада соғыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ: Украинада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі Ресейдің Украинаға басып кіргеннен бері 22 209 бейбіт тұрғын зардап шеккенін айтты. Соның ішінде 8 317 адам қаза тауып, 13 892 адам жараланған.

«Бірақ нақты сандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені қарқынды шабуыл жасалып жатқан аймақтардан соғыс ортасында жүріп ақпарат алу мүмкін емес. Көп ақпарат расталмай жатыр. Мәселен, Мариупольде (Донецк облысы), Лисичанскіде, Попаснаяда және Северодонецкада (Луганск облысы) көптеген бейбіт тұрғын құрбан болғаны туралы хабарламалар бар», делінген БҰҰ таратқан хабарламада.

Украинада Наурыз айының басынан бері 113 бейбіт тұрғын қаза тауып, 356 адам жараланған.