Қоғам • 21 Наурыз, 2023

Шу шуақтары

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекесі Шу аудандық орталық ауруханасында кең көлемде аталып өтті. Наурыз-додаға әр бөлім ұжымы, атап айтсақ, БМСК, КДЕ, терапия, хирургия, жұқпалы аурулар, перзентхана, қабылдау бөлімдері қатысты. Олар қазақтың салт-дәстүрлері – бесікке бөлеу, тұсаукесер, қыз ұзату, беташарды нақышына келтіре көрсетіп, ұлттық киімде ән айтып, би билеуден өнер жарыстырды.

Шу шуақтары

Сонымен аталған мерекелік бай­қауда Жұқпалы аурулар бөлімі кимешекпен әже­лер биін билеп, жанды дауыс­та ән айтып, бас жүлдеге ие болды. Ауру­хананың бас дә­рігері Жай­дар Әйтішев жеңім­паз­дарға ба­ғалы сыйлықтар тапсырып, ұлттық мерек­емен құттықтады.

«Көктемнен хабар беріп, жылулық­тың, табиғаттың тойы саналатын әз Наурыздың қазақ халқы үшін маңызы зор. Бұл күн жалпыұлттық бірліктің, татулықтың, жақсылық пен мейірімнің нышаны іспеттес. Ұлық мерекені ұлық­тауға аурухана ұжымы да атсалысып жатыр. Ақ халат киген абзал жан­дарға кимешек те жарасатынын көрдік. Мың-сан жылдан бері жал­ғасқан салт-дәстүрлерімізге куә болдық. Нау­­рыз-додада оқ бойы оза шауып, жеңімпаз атанған әріптестерімді құт­тық­таймын», деді бас дәрігер Ж.Әй­тішев.

Қызметкерлер мен аурухана емде­лу­шілеріне наурыз көже таратылып, мол дастарқан жайылды.

Сондай-ақ орталық алаң­дағы мере­келік жиында аталған аурухана атынан аудан тұрғындарына наурыз көже, палау, түрлі тәттілер таратылды.