
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, оқиға Тамилнад өлкесіне қарасты Канчипурам аймағының Курувималаи ауданында орын алған. Фабрикада фейерверк дайындау үшін қолданылатын шикізат кенеттен тұтанып, жарылыс болған.
«Бүгін Курувималаи ауданындағы пиротехника фабрикасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан сол жерде 5 адам көз жұмды. Тағы үш адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды», деді Канчипурам аймағы басшысының өкілі.
Шенеуніктердің атап өтуінше, зардап шеккен 13 адам Канчипурамдағы мемлекеттік ауруханаға жатқызылған. Тағы үш адам Ченнаи ауруханасына жеткізілген.
Полиция қызметкерлерінің дерегінше, фабриканың қираған ғимаратында құтқару операциясы жүргізілуде. Жарылыс болғанда кезде кәсіпорында 25-тен астам адам жұмыс істеп жатқан.
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Президент • Бүгін, 16:48
Президент елорда әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
Президент • Бүгін, 16:36
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Ұқсас жаңалықтар