Әлем • 23 Наурыз, 2023

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,3 магнитудасымен зілзала тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 08:45-те тіркелген.

Эпицентрі Оникишубат ауданында орналасқан. Ошағы 6,94 шақырым тереңдікте жатыр. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Ақпан айында болған табиғи апаттан Түркияға келген шығын 105 млрд доллардан асты.

Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 50 096 адамның өмірін қиды.  107 204 адам зардап шекті.

Сейсмикалық белсенділік Орта Азияда байқалып жатыр.

21 наурызда Кахраманмарашта 4,1 магнитудасымен жер сілкінді.