ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды.
Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ осы жылдың наурыз айында прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.
Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурыз күні Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар – көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық ұсталды. Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді.
Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі.
Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі 72,7 тонна. Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл 8 миллион бір реттік доза. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр. ІІМ синтетикалық есірткі өндірілгенге дейін прекурсорларды жою жұмысын жалғастырады.
Қызылорда облысы инвестиция тартудан алда тұр
Аймақтар • Бүгін, 18:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Астана әуежайында қарсы алды
Президент • Бүгін, 18:12
«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Ұқсас жаңалықтар