Қоғам • 24 Наурыз, 2023

Алтай Әбибуллаев қызметінен кетті

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алтай Әбибуллаев қызметінен кетті

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы елшісі лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.

Ал Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.