Аймақтар • 24 Наурыз, 2023

Теміртауда көпқабатты үйден баланың мәйіті табылды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінен кішкентай баланың денесі табылды. Полицейлердің пайымдауынша, бала  өліміне 24 жастағы жігіттің қатысы бар. Күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда көпқабатты үйден баланың мәйіті табылды

23 наурызда Теміртаудағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден  баланың денесі табылды.

«Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге іздеу жарияланып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.