Қоғам • 24 Наурыз, 2023

Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

1299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында балалардың ораза ұстауына қатысты даулы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфти оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

«Шариғат бойынша балиғат жасына толған, дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балаларға келсек, егер балиғат жасқа толмаса, міндетті емес. Ораза ұстау, намаз оқу – біреуге көрсету үшін жасалатын құлшылық емес. Мен өзім он жасымнан бастап ауыз бекіткенмін. Ол кезде тіпті ата-анамыз ұстамайтын. Алғашында үш күннен бастап, кейін толықтырып ұстап үйрендік. Яғни, балиғат жасына толмастан ұстадық. Егер бір бала балиғатқа толмай ұстаймын десе, денсаулығына зиян келмесе, басқа да қиыншылықтар тудырмаса, оны жазалау да дұрыс емес. Бізге «мектепте ұйықтап жатты» деп хабарласқан адамдар болды. Әрине, бала әлсіресе, сабағы дұрыс болмаса, өзі балиғат жасына толмаса, әрине, олай баланың денсаулығына зиян тигізу дұрыс емес. Ал балағат жасына толған адамға ораза ұстау қиындық тудырмайды», деді Наурызбай Тағанұлы.