Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Карина Ибрагимова бүгін финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты бүгін Астана уақытымен сағат 18.30-да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан боксшысы 57 келіге дейінгі салмақта италиялық Ирма Тестамен қолғап түйістіреді.
Карина Ибрагимова Азия чемпионы атанып, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері болған. Ирма Теста да осал қарсылас емес. Ол – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы.
Еске сала кетейік, ертең қазақстандық Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта алтын жүлде үшін таласады.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай қола жүлдегер атанды.
Қызылорда облысы инвестиция тартудан алда тұр
Аймақтар • Бүгін, 18:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Астана әуежайында қарсы алды
Президент • Бүгін, 18:12
«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Ұқсас жаңалықтар