Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

С. Зәуірбек аргентиналық Факундо Арсемен (15-9-2, 7КО) жекпе-жек өткізді. Дода екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Қазақстан боксшысы бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді.
Сұлтан Зәуірбек WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулын да жеңіп алған.
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
Ұқсас жаңалықтар