Qazaq Air әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qazaq air баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшуларды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.
«Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін [email protected] поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек», делінген Qazaq air хабарламасында.
Аталған әуекомпания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Жолаушыларға кестенің алдағы өзгерістері туралы қосымша хабарланады.
Үшінші қазақ таеквондошысы ширек финалда жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 18:43
Әлемде табысы миллион доллардан асатын байлардың саны азайды
Әлем • Бүгін, 18:13
Мұнай экспортының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады
Экспорт • Бүгін, 17:55
ЕО елдерімен өңірлік сауда көлемі 49 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:40
Қазақстанда еуропалық капитал құйылған 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді
Саясат • Бүгін, 17:32
Ұқсас жаңалықтар