28 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 3-2/106

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 24 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1- бабы 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының күші жойылсын: 1) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 7715, «Егемен Қазақстан газеті» 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555); 2) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/660 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 8276, «Егемен Қазақстан газеті» 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 56 (27995); 3) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 15-07/172 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 8458, «Егемен Қазақстан газеті» 2013 жылғы 17 қазандағы № 233 (28172). 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Министр А. МАМЫТБЕКОВ.