Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің 29-шы ракеткасы Паула Бадосаға қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Майамидегі ірі турнирдің 1/16 финалында WTA рейтингінде жетінші орында тұрған Рыбакина күтпеген жерден бірінші сетте жеңіліп қалды (3:6), екінші кезеңді де қарсыласқа беруге жақын болды, бірақ Елена кері брейк жасап, сетті өз пайдасына аяқтады ( 7:5).
Шешуші сетте Елена 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды.
Келесі айналымда Рыбакина Петра Мартич (41) - Элиза Мертенс (39) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еске салайық, Майамидегі турдың алдында Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі тағы бір Мастерс турнирінде финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтып (7:6, 6:4), бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Президент • Бүгін, 16:48
Президент елорда әкіміне қаладағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
Президент • Бүгін, 16:36
Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:00
Ұқсас жаңалықтар