Спорт • 27 Наурыз, 2023

Қиыннан қиыстырды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайтын WTA 1000 турнирінің төртінші кезеңіне шықты.

Қиыннан қиыстырды

Әлемдік рейтингте жетінші орынды иеленіп отырған еліміздің ең үздік теннисшісі бірінші айналымда бос болды. Екіншісінде WTA тізімінде 64 сатыға жайғасқан ресейлік Анна Калинскаяны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Үшінші ке­зеңде Еленаның жолы Паула Бадосамен қиысты. Осыдан екі апта бұрын ғана Ин­диан-Уэллсте жерлесіміз кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанып, бұл күндері үздіктер рей­тингінде 27 орында тұрған дәл осы испаниялықты ұтқан еді. Бұл жолы да дәл солай болды. Бірақ Рыбакина үшін бұл өте қиын кездесу болды. Бірінші сетте Бадоса 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде де қарсыласы алда келе жатқан еді. Алайда қиыннан қиыстырған Елена бұл сетті 7:5 есебімен өз пайдасына шешті. Ше­­шуші тұста да ширақ қимылдаған ол ақы­­рында көздеген мақсатына қол жеткізді – 6:3.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина әлемнің 39 ракеткасы Элизе Мертенспен кездеседі.