Футбол • 26 Наурыз, 2023

Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

Үш күн бұрын Астанада Словенияға есе жіберген Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездесті. Магомед Адиев шәкірттері бүгін керемет камбэк жасап, жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы бірінші таймның өзінде екі гол өткізіп алған, бірақ екінші таймда қатарынан үш гол соғып, айды аспанға шығарды. Ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Гол соққандар: Хойлунн 21 (0:1), Хойлунн 36 (0:2), Зайнутдинов 73 (1:2), Тағыберген 86 (2:2), Айымбетов 89 (3:2).