Экономика • 26 Наурыз, 2023

Ішкі нарыққа сыртқы фактордың әсері қандай?

289 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Банк саласының сарапшылары теңге бағамына әсер ететін факторлар ретінде мұнай мен шикізат бағасын, әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдайды, соның ішінде елдің сауда әріптестеріндегі ахуалды айтады. Ал қаржылық реттеуші өкілдері отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау арқылы нақты айырбас бағамына қол жеткізуді, ағымдағы шот бойынша теңгерімсіздіктің алдын алу және халықаралық резервтердің, соның ішінде алтын-валюта қорының төмендеуіне жол бермеу керек деген пікірде.  

Ішкі нарыққа сыртқы фактордың әсері қандай?

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Алдын ала деректерге сәйкес Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 300 млн долларға төмендеп, ақпан соңында 57,4 млрд долларды құ­ра­ды. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қор­дан республикалық бюджетке трансферт түрінде 273 млрд теңге аударылды

Биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша әлемдік нарықтағы тәуекел дәрежесінің төмендеуіне қарамастан, теңгенің айырбастау бағамы нығайған. Ұлт­тық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, ақпанда әлемдік валюта нарығында АҚШ долларының әлсіреу үрдісі тоқтап, DXY индексі қаңтардағы құлдырауды толығымен өткеріп, бір айда 2,7%-ды құраған. Дамушы елдердің нарықтағы валюталар индексі 2%-ға әлсіреген. Ауыл шаруашылығынан өзге секторларда жұ­­мыс істейтіндер санының едәуір ұл­ғаюы АҚШ-тағы инфляцияның ор­нық­­тылығы туралы қазынашылық об­ли­га­циялар жөніндегі кірістіліктің өсуіне әсер еткен. Мұнай нарығы 1 баррель үшін 79,1 доллардан 86,9 долларға де­йін­гі аралықта көпбағытты динамика­ны көрсеткен.

Сонымен қатар Қытайдағы мұнайға деген сұраныстың белгісіздігі мен АҚШ-та мұнай өнімдері қорының артуына байланысты әлемдік мұнай нарығында төмендеу үрдісі байқалуда. Онан соң, G7 елдерінің Ресей мұнайының баға­сы­на жоғары шек белгілеу түріндегі санкциялық шаралар шеңберінде және Қытайдағы мұнайға сұраныс оң баға белгілеу құлдырауды ішінара қайтарды. Ақпанның қорытындысы бойынша баға 1 баррель үшін 83,9 долларға дейін, 0,7%-ға төмендеген.

«Теңге бағамына әсер ету немесе нарық қатысушыларына қандай да бір белгі беру мақсатында емес, тең­генің еркін өзгермелі бағамының режі­мі ая­сында транспаренттілікті одан әрі жақ­сарту мақсатында сату жө­нін­­­де бол­жамдар бергенімізді түсіну маңызды. Трансфертті қамтамасыз ету үшін біз Ұлттық қордан ай сайын са­туды жүзеге асырамыз. Шын мә­нін­де, наурызда көрсетілген 750-850 млн доллар көлеміндегі сату жоспары соңғы уақыттағы орташа айлық са­ты­лымнан жоғары. Бұл наурыздың ал­ғаш­қы күндерінде теңгенің нығаю себеп­терінің бірі болуы мүмкін. Алайда теңге бағамының ұсыныс факторымен ғана емес, сұраныс факторымен де айқын­далатынын атап көрсету қажет. Ұлт­тық қордан конвертацияланатын қа­ра­­жат бюджетке аударылып, эконо­ми­­каға беріледі және оның бір бөлігі өсіп отырған импорттың көлемін қар­жы­­ландыруға жұмсалады. Тағы бір ма­­ңызды фактор – алтын бағасының тө­­мендеуі болды. Ақпанда бағалы ме­тал­дың баға белгілеуі бір унция үшін 1 905 доллардан 1 810 долларға дейін төмендеді. Алтын бағасы АҚШ-тың ФРЖ саясатына және АҚШ-тағы эконо­ми­калық жағдайдың негізгі статистика­сы­на тәуелді болып тұр», деді төраға орынбасары.

Алдын ала деректерге сәйкес Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 300 млн долларға төмендеп, ақпан соңында 57,4 млрд долларды құ­ра­ды. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қор­дан республикалық бюджетке трансферт түрінде 273 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта, бұрын айтылғандай, ішкі валюта нарығында 590 млн доллар кө­ле­мін­де активтер сатылды.

Ақпанда тәуекел дәрежесінің төмен­де­уі акциялар мен облигацияларды қайта бағалауға, сондай-ақ алтын бағасының теріс динамикасына әсер етті. Сөйтіп, ақ­панда Ұлттық қордың инвестициялық кі­рісі қаңтардағы 1,8 млрд доллары мөл­шеріндегі оң мәннен кейін 1,1 млрд дол­лар болды. Ұлттық қор құрылғаннан бастап ақпанның соңына дейінгі орташа жылдық кіріс 3,06%-ды құрады. Ұлттық қордың активтерін қайта теріс бағалау Ұлттық қорға қомақты түсімдермен те­ңес­тірілді. Қорға валюталық түсімдер ақ­панда 1,4 млрд долларды құраған. Ақпан айында АҚШ-тағы инфляция мен экономикалық белсенділік бойынша жаңа статистика қаржы нарығындағы трендті өзгертті.

Жаһандық инвесторлар АҚШ-тың Фе­дералды резерв жүйесі мөлшер­ле­ме­ле­рінің одан әрі траекториясы бойынша күтулерді түзетеді, бұл ақпан айында доллардың теріс тәуе­кел сентиментіне және нығаюына әкел­ді. Федералды қорлардың мөлшер­ле­месіне фьючерстік баға белгілеулеріне сәйкес, наурыз айындағы отырыста мөлшерлемелердің 42 базистік тармаққа жоғарылауын белгілейді. 25 базистік тармақтың стандартты қадамын ескере отырып, бұл күтулер реттеуші мөлшерлемелердің өсу қарқынын жеделдете ме, жоқ па деген нарық қатысушыларының белгісіздігін көр­сетеді. Сөйтіп, кейбір сарапшылар ал­дағы айларда қаржы нарығындағы құ­былмалылықтың басым болуын болжайды, бұл тәуекелді активтерге, соның ішінде дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсетуі мүмкін.

Жалпы, ұзақмерзімді болашақта АҚШ долларының позициясы әлсірейді деген үміт сақталады, өйткені АҚШ-тың ФРЖ ставкаларының өсуі тоқтап, әлемдік экономика қалыпты ырғағына қайта түсуі мүмкін.

Осы айда нарық қатысушылары ФРЖ оты­рысына назар аударады. Реттеушінің ше­шімі ФРЖ мүшелерінің түсінік­те­ме­лерімен қатар, қаржы нарығын­дағы одан әрі конъюнктураға да байланысты болады. Егер экономикалық деректер экономиканың күші мен тұрақтылығын одан әрі дәлелдейтін болса, ФРЖ па­йыз­дық мөлшерлеме бойынша болжамдарын (dot plot) қайта қарауы мүмкін, бұл инвесторларды мөлшерлемелердің өсу циклін аяқтауға қатысты күтулерді қайта қарауға итермелейді, өйткені мақ­сат­ты инфляцияға қол жеткізу бұрын бол­жанғаннан ұзағырақ болуы мүмкін.

Сарапшылар мұнай нарығындағы баға белгілеудің болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. Bloomberg эко­но­мистерінің консенсусы 1 баррель үшін орташа есеппен 87,4 долларын құ­рай­тын «қара алтынның» жоғары бағасы сақталады деп болжайды.