АСТАНА. 30 маусым. Астана әкімі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Астана таңдауы-2014» жалпықалалық байқауының жеңімпаздарын арнайы марапаттады. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Биыл қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Астана таңдауы» байқауына байланысты қабылданған анкеталар мен өтінімдер astana.gov.kz сайтына орналастырылды. Онда сайтқа кірген әрбір адам бір рет дауыс беруге мүмкіндік алды.
Байқауға 195 аталым бойынша 250 өтінім келіп түскен. Бұлардың арасында «Үздік мұғалім» – «Астана Дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Майра Құрманбаева, «Үздік дәрігер» – №1 қалалық аурухананың жоғары дәрежелі дәрігер-урологы Кирилл Чичеров, «Үздік жол жөндеуші» – «Прогресс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері Бекзат Мүсеев, «Үздік учаскелік инспектор» – Астана қаласы ішкі істер департаменті Алматы аудандық учаскелік инспекторы Бауыржан Таумаханов, «Үздік энергетик» – «Астана қаласы Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесі энергиямен қамту бөлімінің басшысы Олжас Ищанов, «Үздік құрылысшы – «Бай-Тан компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Еркін Омаров, «Үздік жүргізуші» – «№1 Автобус паркі» акционерлік қоғамының жүргізушісі Серік Адаев байқау жеңімпазы атанды.
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов: «Біз байқау жеңімпаздарын мемлекеттік наградаларға ұсындық. Мемлекеттік байқау комиссиясы дұрыс шешім қабылдап, награда өз иесін табады деп ойлаймын», – деді.
Еске сала кетейік, «Астана таңдауы» алғаш рет елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен 2012 жылы өткізілген болатын.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: astana.kz.
• 30 Маусым, 2014
«Астана таңдауы-2014» байқауының жеңімпаздары анықталды

Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40