Саясат • 27 Наурыз, 2023

Сайлаудан кейін бюллетеньдер сақтала ма?

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлаудан кейін бюллетеньдер сақтала ма, әлде жойыла ма? Бұл сұраққа БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз маслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлаудан кейін бюллетеньдер сақтала ма?

«Біз заң шығарушы орган емеспіз. Ұсыныс та енгізбейміз. Осыны анықтап алған жөн болар. Біз бекітілген заң мен ережелер аясында жұмыс істейміз. Дегенмен сайлау жүйесіне қатысты талқылауларға қатысып, пікір білдіруге қарсы емеспіз. Бюллетеньдердің қайда сақталатыны туралы да норма бар. Тонна-тонна бюллетеньдер жойылады. Ал барлық хаттамалар архивке ресми түрде тапсырылады және сонда сақталады», деп түсіндірді Нұрлан Әбдіров.

Заң талабына сәйкес, сайлау бюллетеньдері 1 ай сақталады, кейін олар жойылып, тек хаттамалар ғана сақталады.