Спорт • 27 Наурыз, 2023

Соңғы күнгі сәтсіздік

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Грузияның бас шаһары – Тбилисиде өткен «Grand Slam» турнирі өз мәресіне жетті.

Соңғы күнгі сәтсіздік

Жарыстың соңғы күні тағы бірнеше балуанымыз татамиге шықты. Бірақ олардың ешқайсысының жолы болмады. 90 кг салмақтағы Айдар Арапов алғашқы айналымда израильдік Ли Кохманға жол берсе, Дидар Хамза екінші кезеңде грекиялық Теодорос Целидистен жеңілді. 100 килолық Бекарыс Сәдуақас тұсаукесер кездесуінде моңғолиялық Гоншигсурен Батхуягке есе жіберсе, Нұрлыбек Шархан қола медаль үшін тартыста канадалық Шади Эль­на­хастың осал тұсын таба алмай, бесінші орында қалып қойды. Сол секілді аса ауыр салмақта күш сынасқан Ғалымжан Қы­рықбай мен Жамбыл Тұрғыналиев (+ 100 кг) және Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова да (+78 кг) ел сенімін ақтай алмады.

Сөйтіп, Тбилисидегі турнирдің соңғы күні жүлдесіз қалдық. Ал оған дейін Абы­лайхан Жұбаназар (81 кг) күміс алса, Мағжан Шамшиддин (60 кг) мен Әбиба Әбужақынова (48 кг) қолаға қол созған еді.