Спорт • 27 Наурыз, 2023

Ермеков ерледі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Самара қаласында аралас жекпе-жектен «Ural Fighting Cham­pionship 2» турнирі өтті.

Ермеков ерледі

Аталған жарыстың басты жекпе-жек­терінің бірінде Дәурен Ермеков өнер көр­сетті. Орта салмақта күш сынасып жүрген 35 жастағы қазақ файтері 2012 жылдан бері осы спорт түрін серік етіп келеді. Сол аралықта 21 кез­десу өткізіп, 16 рет жеңіске жетті. 10 қарсыласын нокаутқа жіберді. Ол Самарада Гам­зат Хирамагомедовпен айқасты. 29 жас­тағы Нальчиктің тумасы 11 бәсекенің тек екеуінде ғана ұтылған. Жеті жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осыған дейін бұл спортшылар екі мәрте кездесті. 2015 жылы әуесқойлар арасында өткен турнирде Гамзат ұпай са­нымен жеңіске жетсе, былтыр жазда Ақ­тауда Дәурен оны айқын басымдықпен ұтты.

Самарадағы сайыс қандасымыздың же­ңісімен аяқталды. Бәсекенің екінші кезе­ңінде ол Хирмагомедовті «қылқындыру» әдісімен жеңді.