Құқық • 27 Наурыз, 2023

Шектен шыққан шетелдіктер

328 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атырау облысына алыс және таяу шетелден келетіндер көп. Тіпті осы өңірде тұрақтап қалуды көздейтін шетелдіктер де жетіп артылады. Олардың арасында еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатындар, тіпті заңсыз жүретіндер кездеседі.

Шектен шыққан шетелдіктер

Облыстық полиция департаменті баспасөз қыз­ме­ті­­нің мәліметінше, заңды белден басқан шетелдіктер «Миг­рант» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде жиі­­ анықталады. Жақында Атырау облысында 900-ден­ ас­там шетелдіктің құжатсыз жүргені белгілі бол­ды. Мәселен, 583 өзге елдің азаматы еліміздің көші-қон заң­на­масын бұзғаны үшін Әкім­шілік құқық бұзу­шылық туралы ко­декстің 517-бабының 3, 4, 5, 6 және 7-бөлігімен әкім­шілік жауапқа тартыл­ған. Ал шетел­дің­ 31 азаматына атал­­ған құжаттың 519-бабымен, 372 заң­сыз «қонаққа» 518-бабымен әкім­шілік хаттама тол­тырылған. Сон­дай-ақ­ әкімшілік құқық бұзған 31 ше­­тел­дік азаматтық іс­ жүргізу және әкімшілік тәртібімен ел­ ау­мағынан шы­ға­рылды. Жеке басын анықтайтын құжат­тардың болмауына­ байланысты Өзбекстан Рес­пу­бликасының 91 азаматы қабылдау-тарату орнына орна­ластырылды.

– «Мигрант» іс-шарасы кезінде Атырау қалалық по­ли­ция бас­­қар­масы №2 полиция бөлімінің учас­­келік по­ли­ция инс­пек­­торы Нұрсұлтан Кеңесов құжатсыз жүр­­ген 72 жастағы ше­­т­елдікті анықтады. Өзбек­стан Рес­­публикасының азаматы Қа­зақ­­станға 2000-жылдары­ ке­ліп, қазақ­стан­дық әйелмен от­ба­­­сын құрған. Қазір ер­лі­-зайыптылардың ортақ бес баласы­ бар.­ Шетелдіктің ай­­туынша, сол жылдары азаматтық алу үшін­­­ құжат да­йын­дамақ болғанымен, бұл істі соңына дейін жет­­­кіз­­­беген, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қыз­меті.

Атырау қалалық полиция басқар­ма­сы көші-қон­ қыз­меті бөлімінің қызметкерлері елде болу заң­ды­лы­­­­ғын бұзған егде жастағы өзбекстандыққа қатысты іс-құ­жаттарды жинақтады. Нақ­тылай айтқанда, 1951 жыл­ғы шетел­діктің жеке басын анықтап, еліне қай­тару үшін тиісті құжаттар тізбесін Өзбекстан Рес­пу­бли­касының Ақтау қаласындағы консулдығына жол­дады. Дәл осыған ұқсас дерек Қызылқоға ауданын­да­ анықталып отыр. Аудандық полиция бөлімінің учас­ке­лік полиция инспекторы Қайырбек Қамаладенов әкім­­шілік аумақ­тағы тұрғын үйлерді тексеру ке­зінде өзбек­­стандық әйелді анықтап, көші-қон қызметі тобына жет­­кізді. Аталған топ қызметкерлері шетелдік әйелдің Қазақ­­стан Рес­пуб­ли­касының аумағына 2010-жылдары кір­­генін анықтады. Содан бері құжатының елде болу мер­­зімі біткенін біле тұра, Қазақстан аумағынан өз еркі­мен­ шығып кетпеген. Өзбекстандық әйел Қазақстан аза­ма­ты­на күйеуге шығып, заңды некеге отырған. Екі бала­ны дү­ниеге әкелген. Шетелдіктің тү­сіндіруінше, Қазақ­стан Рес­пу­б­ли­ка­­сының азаматтығын алуға ниеті бол­ған. Бірақ 13 жыл­д­­ан бері аза­мат­тық алуға қажетті құ­жаттарды то­лық жи­нақтап тапсырмаған.

Қазір көші-қон қызметі тобының қызметкерлері шетелдіктің көші-қон заңдылығын бұзғанына байланысты хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары Қызылқоға аудандық сотына жіберілді.

 

Атырау облысы