Білім • 27 Наурыз, 2023

Шетелге шақырту алды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері жыл сайын шетелдің жетекші университеттерінің білім грантын иеленіп жүр.

Шетелге шақырту алды

Білім ордасын биыл бітіргелі отырған озық ойлы шәкірттердің арасында Абылай Амангелдіұлы мен Полина Вардашко да бар. Еркін елдің ертеңіне сенетін өрендер сабақты үздік оқиды. Түрлі білім байқауынан жүлделі орындарды иеленген. Екеуі де білімге құштарлықтың алғашқы жемісін көре бастады. Жақында Абылай Германияның Бремен қаласындағы Jacobs Bremen University-нің Computer Science факультетінде тегін білім алу грантын иеленді.

– Еуропадағы жетекші жоға­ры оқу орнында білім алу – үл­кен мүмкіндік. Бала кезімнен Гер­манияда оқуды армандап едім. Мақсатым – IT-саланың білгір маманы атану, – дейді Абылай.

Ал Полина Канаданың То­ронто университетінде био­тех­­нология мамандығы бойын­ша тегін оқуға шақырту алып отыр. Оған бұған дейін Германиядағы Jacobs Unieversity, АҚШ-тың Drexel University, Канададағы Carleton University және University of Ottawa секілді жоғары оқу орындарынан шақырту мен білім гранттары келген.яавп

– Бірнеше жылдан бері Торонто университетіне оқуға түсуді ойластырған едім. Бо­лашақта биотехнологияны жетілдіріп, фармацевтика индустриясын дамытуды көздеп жүрмін. Жоғары білім алған соң түрлі вакцина ойлап тапқым келеді, – дейді Полина.

 

Атырау облысы