Сайлау • 28 Наурыз, 2023

ЖСДП партиясы Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін жариялады

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 наурызда Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) саяси кеңесінің отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 4 депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды Egemen.kz

ЖСДП партиясы Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін жариялады

Бұл ретте әйелдерге, жастарға және мүгедектерге арналған квота сақталды.

Тізімге енгендер:

1. Нұрлан Әуесбаев,

2. Асхат Рахымжанов,

3. Ажар Сағандықова,

4. Наурыз Сайлаубай.

Еске салайық, ЖСДП партиялық тізіміне 19 кандидат енгізілген. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасында кандидаттарға қойылған талаптарға сәйкес келеді.

19 наурызда елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Мәжілісте қандай партиялар болғанын мына жерден оқуға болады. Сондай-ақ ОСК бір мандатты округтер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлаудың қорытындыларын жариялады.