Қоғам • 28 Наурыз, 2023

Елордалықтар Шавкат Рахмоновқа тұлпар мінгізді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері UFC-де Қазақстан намысын қорғайтын жауынгер Шавкат Рахмоновтың (17-0) жұмыс кестесі өте тығыз. Соған қарамастан ол өзінің жанкүйерлерінің де көңілін қалдырмай жүр. Америкалық Джефф Нилді сан соқтырған спортшыға түрлі сыйлықтар әлі де табысталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалықтар Шавкат Рахмоновқа тұлпар мінгізді

Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жылқыны тек ерекше маңызды жағдайларда құрмет белгісі ретінде, сәттілік пен өркендеу тілей отырып беруге болады.

Спортшыға тұлпар мінгізу сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады. 

Астаналық ат спорты әуесқойлары да ырымын жасап, спортшыға сәйгүлік түріндегі дәстүрлі сыйлықты табыс етті. 

Шавкат Рахмонов өз іс-шараларының кестесін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден бастады. Президент Рахмоновты UFC турниріндегі бесінші мерзімінен бұрын жеңісімен құттықтап, оған әлемнің спорттық ареналарында жаңа биіктерге жетуін тіледі.