Бокс • 28 Наурыз, 2023

Делиде ел намысын қорғаған боксшы қыздар елге оралды

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Делидегі әлем чемпионатында шаршы алаңға шыққан елордалық спортшылар елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делиде ел намысын қорғаған боксшы қыздар елге оралды

Әлем чемпионатынде ел намысын қорғаған елордалық Лəззат Күнгейбаева, Валентина Хальзова, Рима Волосенко мен Аида Әбікееваны әуежайдан туыстары, достары мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және өзге мекеме қызметкерлері ыстық ықыласпен күтіп алды.

«Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет», деп айтты Қазақстан бокс федерациясының Атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

пр

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары барлығы 6 медаль – 2 күміс пен 4 қола иеленді. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шетелдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға ие болды.

ио

Қазақстан құрамасы сапында Делиде соңғы болып рингке шыққан аса ауыр салмақтағы елордалық (+81 кг) Лəззат Күнгейбаева əлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен күш сынасып, тәжірибелі қарсыласына есе жіберді. Осы салмақтағы басты фавориттің бірімен кездескеніне қарамастан отандасымыз жарқын жекпе-жек көрсетті. Айта кетейік, Лəззат 2016 жылы əлем чемпионатында топ жарған болатын.

п

Бұған дейін күміс медальді Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған. Төрт спортшымыз – Алуа Балқыбекова (48 кг), Надежда Рябец (66 кг), Валентина Халзова (75 кг) және Фариза Шолтай (81 кг) әлем чемпионатының қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Әйелдер құрамасы әлем чемпионатында осыған дейін мұнша медаль жеңіп алмаған еді.

Жалпы есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орында (3 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үздік үштікті Ресей түйіндеді (1/1/1). Ал біздің құрама 8-сатыда.

дл