фото: Zakon.kz
Түрксіб ауданындағы Харьковская көшесінде орналасқан жеке үйдің бірінде есірткі зертханасы жұмыс істегені анықталды.
«Үй ішін тінту жұмыстары барысында полицейлер ұнтақ пен кесек түріндегі заттарды, пластик ыдыстарды, сұйықтығы бар колбаларды және басқа да синтетикалық препараттарды тәркіледі», деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Департаменттің мәліметінше, полицейлер есірткі зертханасында дайын өнімнің бірнеше ірі көлемін тәркіледі.
Жертөледен табылған заттардың барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.