Медицина • 28 Наурыз, 2023

Жаңа орталық құрсақтағы шарананы да емдейді

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Медицинада құрсақтағы баланың қандай да бір сырқаты немесе мүгедектігі болса, оны уақтылы диагностикадан өткізіп, алдын алу аса маңызды. Сондықтан облыстық перинаталдық орталықтың базасында Жетісу облысы бойынша ұрықты сақтау орталығының ашылуы тегіннен-тегін емес.

Жаңа орталық құрсақтағы шарананы да емдейді

Аталған орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізіледі. Оған генетиктер мен акушер-гинекологтер консультация береді. Перинаталдық консилиумда ұрықтың даму патологиясы анықталған кезде босану тәсілі анықталады. Сондай-ақ орталықта ұрықтың анықталған патологиясын растау үшін ультрадыбыстық диагностиканың екінші деңгейі бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқар­масы басшысының орынбасары Әйгерім Лебаева бөлімшелер ультрадыбыстық және биохимиялық скринингті қамтитын бірік­тірілген генетикалық скрининг жүр­гізу үшін қажетті жабдықтармен жарақ­тал­ғанын атап өтті.

«Орталықтың негізгі бағыты – туа біткен патологиялармен күресу, ұрықтың қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторларды жою, туа біткен ақаулар мен хромосомалық ауытқуларды анықтау кезінде жүктілікті ұзарту мәселесі, жаңа туған нәрестеге қажетті медициналық көмек­ті уақтылы көрсету. Генетика бөлімін­де хромосомалық ауытқуларға перина­талдық биохимиялық скрининг және тұқым қуалайтын метаболикалық ауру­ларға неонаталдық скрининг жүргі­зіле­ді», деді Ә.Лебаева.

Анықталған туа біткен патологиялармен жүктілікті одан әрі жүргізу немесе тоқтату тәсілі туралы мәселелерді шешу үшін ұрық патологиясының сипатына байланысты бейінді мамандарды тарта отырып, көпбейінді комиссия ұйымдастырылды. Комиссияның отырысында отбасына анық­талған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде бала­ның өміріне болжам және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.

Болашақта ұрықты сақтау орталығында ұрықтың инвазивтік пренаталдық диагнос­тикасын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл – «Хромосомалық патология» диагнозының соңғы кезеңі.

 

Жетісу облысы