Спорт • 28 Наурыз, 2023

Бекетті еске алады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-9 сәуір аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында дзюдодан жас­өспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді.

Бекетті еске алады

Аталған жарыс әйгілі спорт функционері Бекет Махмұтовты еске түсіруге арналып отыр. Кезінде бұл азамат Қазақстан боксын орасан зор биікке көтерді. Сол кісінің басшылығымен отандық былғары қолғап шеберлері Олимпия ойындары мен әлем чемпионаты, Азия ойындары және басқа да көптеген аса ірі халықаралық додада жеңіс тұғырына көтерілді. Кейіннен рес­публикалық дзюдо федерациясының тізгінін ұстап, күрестің бұл түрінің өркен­деуіне де өлшеусіз еңбек сіңірді. Осыдан үш жыл бұрын ол ұзаққа созылған науқастан кейін 81 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысқан еді.

Бекет Сапабекұлын еске түсіруге арнал­ған турнир осымен алтыншы мәрте ұйым­дас­тырылғалы отыр. Биылғы жарыста Қазақстаннан бөлек, Грекия, АҚШ, Моң­­ғолия, Грузия, Гонконг, Өзбек­стан, Тәжік­стан, Түрікменстан және Қырғыз­станның дзюдошылары белдеседі деп күтілуде.