Жиынды ашқан Нұрлан Әбдіров Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен жылдың маусым айында республикалық референдумда жалпыхалықтық дауыс беруден басталған үлкен сайлау циклін аяқтайтынын айтты.
«Сайлауды өткізудің жаңа форматы азаматтардың саяси процеске қатысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті және тұтастай сайлау саласын жандандырды. Парламент Мәжілісінің барлық 98 депутаты тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды, яғни тікелей азаматтар сайлады», деп атап өтті ОСК төрағасы.
Ол сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.
Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымы депутаттарын тіркеу туралы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымы депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша тиісті шешімдердің жобаларын әзірлегенін хабарлаған ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Осылайша, ОСК қаулыларына сәйкес Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының 98 депутаты тіркелді. Оның ішінде тіркелген алты саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 69 депутат («Amanat» партиясы – 40, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы – 6, «Ауыл» партиясы – 8, Қазақстан Халық партиясы – 5, «Respublica» партиясы – 6 және ЖСДП – 4 депутат) және 29 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттарға республиканың жоғары өкілді органында ел игілігі үшін жемісті жұмыс тілей отырып, куәліктер мен төс белгілерді тапсырды.