Пікір • 28 Наурыз, 2023

Әділетті болу – басты бағдар

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент мен мәслихатқа жаңа депутаттар 7 партияның қатысуымен сайланып қана қоймай, олардың бір бөлігінің өзін-өзі ұсыну жолымен бәсекеге түсуі сындарлы қадам.

Әділетті болу – басты бағдар

Бірақ сайлау барысында анық­­талған кейбір көзге түскен нәрсе – көптеген кандидаттың өз бағдарламаларын жеткілікті деңгей­де насихаттай алмады. Ақпарат­тың сайлаушыларға толыққанды жетпегені, олар туралы мәліметтің аздығы кейбір үміткерлердің саяси рейтингін төмендетті деуге болады. Алматы қаласындағы сайлаушылар санының аздығы үгіт-насихат жұмысының толыққанды жүргізілмегенін көрсетеді.

Биыл ел аймақтары мен елді мекендеріндегі 10 мыңнан аса сайлау учаскесінде, 62 басқа елдердегі сайлау пункттерінде Қазақстан Парламенті пен мәслихаттары­на депутаттарды сайлау жоғары деңгейде өтті деп нақты айта аламыз. Бұл сайлаудың тағы бір өзіндік ерекшелігі деп екі түрлі бағыттағы сайлаудың бір күнге біріктіріліп, бір уақытта өткізілуін атауға болады. Нәтижесінде, қазіргі әлеуметтік сипаты күрделі заманда осы әрекет еліміз үшін үлкен қаржылық және уақыттық тиімділігі бар қадам деп бағаланады. Жаңа тарихи кезеңде нұрлы ақылға, нақты нәтижелерге, әлеу­меттік және тұлғалық жауап­кер­шілікке сүйенген прагматизм зама­ны туды. Сол қисынмен алға қарай үйлесімді жылжыған орынды.

«Amanat» саяси кеңістікте басымдық танытатын партия екенін тағы да дәлелдеді, «Ауыл» партиясының екінші орынға шығып, жаңадан құрылған «Рес­пуб­лика» партиясының үшінші орынға жайғасуы – биылғы сай­лаудың өзіндік жаңалығы. Бірақ бұл жағдайды кездейсоқ нәтижелер деп те атауға болмайды. Демек, елімізде барлық деңгейде демократиялану үдерістері өзінің ерекше келбетін байқата бастады. Тек енді барлығымызға әділеттілік қағи­датын партиялық және дара тұл­ғалық жауапкершілікпен тікелей астастырып отыру маңызды.

 

Серік НҰРМҰРАТОВ,

Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры