Парламент • 29 Наурыз, 2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары ант берді

1153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Парламент Мәжілісінің депутаттары ант берді

Бұл жаңадан сайланған депутаттардың бірінші жалпы отырысы.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді жаңадан сайланған депутаттар.

Айта кетейік, елімізде 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы - 6, «AMANAT» партиясы - 40, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 4, «Қазақстан Халықтық партиясы» - 5 және «Respublica» - 6 мандат алды. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттарының толық тізімі жарияланған еді.

28 наурызда ОСК партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарын тіркеді. Тиісті қаулы қабылданғаннан кейін депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.