Саясат • 29 Наурыз, 2023

Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты пікір білдірді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істің тергеу нәтижесі жуырда белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты пікір білдірді

«Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Тағы еске салам, ұлым кәмелет жасына толған азамат. Мен Черновтар отбасынан кешірім сұрадым, қажет жағдайда емдеуге көмек көрсетуге дайын екенімді де айттым. Бірақ, олардан хабар болмады. Алдағы 10 күн немесе 2 апта көлемінде тергеу нәтижесімен таныс боласыздар. Бұл процеске мен араласып жатқан жоқпын. Черновтар татуласқысы келеді деген ақпарат бар. Қазір маңыздысы тергеу органдарының бағасы берілсін, одан әрі көре жатармы», деді Дәулет Тұрлыханов БАҚ өкілдеріне.

Еске сала кетсек, жаңа сайланған депутаттың ұлы Нұрасыл Болат бірнеше адамды соққыға жыққан. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Одан бөлек, тілшілер Дәулет Тұрлыхановтан депутат ретінде Мәжіліс қабырғасында қандай мәселені қолға алатынын сұрады.

«Мен халық игілігіне жұмыс істеуге келдім. Бір ай бойы тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездестім. Штабтағы өкілдерім тұрғындардың өтініш, арызын жинады. Соның негізінде мәселелер тізбегін жасадық. Оның дені мектептің жетіспеуі, аурухана және көпбалалы аналарға қатысты болады», дейді депутат.