«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бекітілген температуралық кестенің параметрлеріне Екібастұз қаласының тұрғындарын жылумен сапасыз қамтамасыз ету түріндегі жүйелі түрде сәйкес келмеуін ескере отырып, ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша бес әкімшілік іс қозғады. Бұл баптардың санкциясында 27 600 000 теңге айыппұл қарастырылған.
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын, яғни 13 800 000 теңгені өтеді.