Спорт • 29 Наурыз, 2023

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003 -2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады. 

IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздарымен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Греция, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Махмұтов Бекет Сапабекұлы -  2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті сондай-ақ Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған. Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі Қазақстан дзюдо федерациясының ресми сайтынан біле аласыз.