Спорт • 29 Наурыз, 2023

Рыбакинаның кезекті белесі

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде қазақ­стандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.

Рыбакинаның кезекті белесі

Ширек финалда ол италиялық Мартина Тревизианмен шеберлік байқасты. Бұл күндері әлемдік рейтингте 24-орында тұрған 29 жастағы Флоренция тумасының ең зор табысы – былтыр Ролан Гарростың жартылай финалына дейін жетуі. Одан басқа бағындырған пәлендей белестері жоқ. Соған қарамастан Майамиде ол жапониялық Нао Хибино, америкалық Клэй Лю және эстониялық Елена Остапенконы жеңіп, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Десек те бұл межеде Тревезиан Рыбакинаға лайықты қарсылық көрсете алмады. Апеннин түбегі өкілін 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтқан жер­лесіміз жартылай финалға шықты.

Сөйтіп, WTA турнирлерінде қатарынан 12 рет жеңіске жеткен Елена Рыбакина өзінің рекордын жаңартты. Енді ол жарты­лай финалда америкалық Джессика Пегуламен күш сынасады.