Спорт • 30 Наурыз, 2023

Анталияда айқасады

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында дзюдодан «Grand Slam» турнирінің жалауы желбірейді.

Анталияда айқасады

Анадолы елінде Қазақстанның намысын 19 балуан қорғайды. Солардың қата­рында әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Ғұсман Қырғызбаев (66 кило), құр­лық чемпионы Данияр Шамшаев (73 кило), Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза (90 кило) бар. Биыл «Үлкен дулыға» санатындағы додаларда жеңіс тұғырына көтерілген Нұрқанат Серікбаев (60 кило), Абылайхан Жұбаназар (81 кило) және Нұрлыхан Шархан да (100 кило) бозкілемге шығады. Сондай-ақ Шерзод Давлатов (60 кило), Есет Қуанов (66 кило), Дархан Койбағаров (73 кило), Руслан Мұсаев (81 кило), Айдар Арапов (90 кило), Бекарыс Сәдуақас (100 кило), Ғалымжан Қырықбай (+100 кило) және Әділ Оразбаевқа (+ 100 кило) сенім артылып отыр.

Әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кило), Бақыт Құсақбаева (57 кило), Анас­тасия Маякова (70 кило), Роза Нысан­таева (70 кило), Кәмила Берліқаш (+78 кило) сайысқа түседі.