Есірткі • 29 Наурыз, 2023

Жылыжайда есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекен-жайындағы жылыжайда қарасора өсірген 54 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылыжайда есірткі өсірген қызылордалық ұсталды

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйінен егілген өсімдіктер мен кептірілген жапырақшаларды тәркіледі.

Отыз жеті түп сора арнайы ыдыстарда өсірілген. Үй ауласын тінту кезінде одан бөлек 1,5 келіден аса кептірілген марихуана табылды.

Осыған байланысты ҚР ҚК 296 – бабының төртінші және 300 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіледі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.