Атап айтқанда, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, білім беру, әлеуметтік саясат пен денсаулық сақтау саласындағы реформаларды тиімді іске асыру, заман талабына сай әділетті демократиялық мемлекет институтын қалыптастыру бағытында алға қойған мақсат-міндеттерді атқару бойынша қыруар жұмыстар күтіп тұр.
Парламентке өткен алты партияның өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен халыққа берген уәделерінде жоғарыда аталған елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің түрлі жолдарын көрсеткен болатын. Осы орайда әр партияның өздерінің сайлауалды бағдарламаларының орындалу сапасы қазақстандық қоғамда сайлаушылар тарапынан қатал қадағаланады. Бұл өз кезегінде осы мерзімге сайланған депутаттардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі немесе өздерінің бағдарламалары мен уәделерін орындамауы сөзсіз бірінші кезекте партияның беделіне, яғни оның келесі электоралды кезеңге өту-өтпеуіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан алты партиядан сайлауға түскен депутаттар үшін бұл кезең халық алдында барынша көзге түсіп, елдің дамуында өзінің барынша үлесін қосатын мүмкіндікке толы сынақ мерзімі болатыны анық.
Нұркен АЙТЫМБЕТОВ,
Философия, саясаттану және дінтану институтының
жетекші ғылыми қызметкері, PhD