Мәдениет • 30 Наурыз, 2023

Ақтөбеде жаңадан салынған SMART-CENTRE ғимаратында Сағи Жиенбаевтың портреті салынады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі жаңа салынған SMART-CENTRE ғимаратында Сағи Жиенбаевқа арналған бірегей арт-объект пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жаңадан салынған SMART-CENTRE ғимаратында Сағи Жиенбаевтың портреті салынады

Ақын, аудармашы, көптеген ән мәтіндерінің, либреттолардың, «Еңлік — Кебек», «Махамбет» операларының авторы, Сағи Жиенбаевтың шығармашылығына құрмет көрсетіледі.

Сағи Жиенбаевтың портреті ғимарат қабырғасында бейнеленеді. Муралды дарынды әнші және музыкант Димаш Құдайбергеннің портретін сыйға тартқан суретшілер бейнелейді. Сол көше аумағы жазғы уақытта жастарды тартудың қосымша нүктесі және контент түсіру үшін таптырмас орын болмақ.

Жобаны Ақтөбе облысының әкімдігі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығымен бірлесе жүзеге асырып жатыр.