Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД хабарлады. Қазір оқиға орнында криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Ауқымды іздестіру шаралары шамамен 6 күнге созылды. Қызды еріктілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздеді.
25 наурызда Інжу аулада құрбысымен ойнап жүрген. Содан кейін қыздар каналға барған. Құрбысының сөзінше, Інжу сумен ойнамақ болған сәтте каналға құлап кетіп, шыға алмаған.