Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскердегі борышын өтеген кез келген азамат еліміздің жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз ақылы бөліміне түсе алады. Ал әскер қатарындағы үздіктер тегін оқи алады. Оларды Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Ұлттық ұлан өз критерийлеріне сай анықтайтын болады.
Аталмыш жобаны 30-ға жуық отандық ЖОО қолдауға дайын. Соған сәйкес сарбаздарға тегін оқуға мүмкіндік беретін ЖОО тізімі белгілі болды:
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Astana IT University;
- «Тұран Астана» университеті;
- Қазақ технология және бизнес университеті;
- Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті;
- М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті;
- Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
- Қазақстан-Ресей медицина университеті;
- Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
- Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы;
- Халықаралық білім беру корпорациясы Қазақ автомобиль-жол институты:
- Алматы менеджмент университеті;
- Caspian University Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;
- Қазақ жолдар және қатынастар университеті;
- Тұран университеті;
- Азаматтық авиация академиясы;
- М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті.