Өнер • 30 Наурыз, 2023

Жаңалығы мол «Жүргенов жылы»

240 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түркітілдес халықтардың мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымы 2023 жылды «Темірбек Жүргенов жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған сәй­кес, есімі мен еңбегі қазақ халқына ғана емес, Орталық Азия халықтарына ор­тақ бірегей тұлғаны ұлт болып ұлықтау іс-шараларын республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастыру қолға алынып, жыл көлемінде Темірбек Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттаудың жобалары бекітілді.

Жаңалығы мол «Жүргенов жылы»

Ұлт қайраткерінің 125 жыл­дық­ ме­рей­­­­тойын республика көле­мінде атап­ өту­­дің ал­ғашқы сал­танатты шарасы­ Абай­­ атын­да­ғы Ұлттық опера және ба­лет­­­­ теат­рынан бас­тау алды. Ұлтын ұлы­­ биік­терге көтерген та­рих­и тұл­ға­ның та­ғы­лымға толы өне­ге­­лі­ өмі­рін кейінгі ұр­­пақ жадын­да жаң­ғыртуға ар­налған сал­­­танатты­ кешке қатысқан құр­мет­­ті­­ қонақтар арасында Мәде­ниет­ және спорт­­ министрі міндетін атқарушы Асхат Ора­лов, Алматы қа­­ла­сы әкімінің орын­­басары Арман Қырық­­баев,­ халық­аралық ТҮРКСОЙ бас хатшы­сы­ның орынбасары Билал Чакыджы болды.

Ұлттық өнер мен мәдениеттің қа­лып­­­тасуы жолында іргелі істің ұйыт­қы­­сы болған бірегей тұлғаны еске алу­ мақ­сатында Ұлттық опера­ және ба­лет­­ теат­ры­ның сахнасында «Темір­қа­­зық»­ атты әртүрлі шығар­ма­шылық бір­ле­с­тік­­тердің жас­ таланттарының кон­церті ұйым­­дастырылды. Концерт А.Се­ле­знев атындағы Алматы хорео­гра­­­фиялық учи­ли­щесінің шә­кірттері да­йын­даған «Жұл­дыз­­дар­дың ағуы» ком­­по­зи­ция­­сы­мен­ ашыл­­ды. 1930 жыл­дар­­дағы Т.Жүр­­­­ге­новтің ба­сындағы қиын­-қыс­­­тау күн­дер­дің бір үзі­гін­ баян­­да­­ғ­­ан­ Ұлттық опера және балет­ теат­ры­ның­ әртістері сол бір суық кезеңнің сұм­­­дығы мен азабын шын сезіндірді. М.Әуезов атындағы Ұлттық драма теат­ры­­­­ мен­ Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ­­ мем­­ле­кеттік академиялық бала­лар­­ мен жас­өс­пірімдер теат­ры­ның әртіс­тері ұсынған сах­на­лық­ қойылым Жүр­ге­нов­тің­ тұлға­лық­ болмысын таныта түсті.

Б.Байқадамов атындағы Қазақ мем­ле­­­кет­тік хор капелласымен иық­ тіресе аты­­ қа­тар аталатын талант­ты шәкірттер ұс­та­­­ханасы А.Жұбанов атындағы музыка мек­­­тебі оқушыларының хоры Ескен­­дір Ха­­санғалиевтің айбынды «Атамекен» әнін­ орын­дағанда, кеше­гі Алаш­ арысының ар­ма­­ны бүгін­гі уақыт екпі­німен үйлесім тап­­­қан­дай, дүйім елді­ орнынан­ дүр­кіретіп тік­ тұр­ғызды. Т.Жүр­ге­­нов атындағы ұлт­тық­ ­Өнер­ ака­­демиясының «Дәстүрлі өнер» ка­­­фед­­­расының студенттері «Ойла­­маң­дар­­ жігіт­тер» термесін орын­­дап, «1936 жыл­­ дека­дасы»,­ «Ше­жі­ре», «Алаш ұлы», «Жұл­­­­­дыз­ ба­ла» атты бейнероликтер көр­сетті.

Қазақ мәдениеті мен білім беру­ са­ла­­­сы­­­ның дамуына елеу­­лі үлес қосқан Те­мір­­­­­бек Қара­ұлы­ның қайраткерлігі мен өл­­шеу­­сіз ең­бе­гін еске алуға арналған маз­­­­мұнды шара концертпен ғана шек­­тел­­мей, белгілі жазушы, тарих­ ғылым­да­ры­ның­ кандидаты­ Бейбіт Қойшы­баев­тың «Комис­сар Жүргенов» атты кі­та­бының тұсау­­кесерімен жалғасын тап­ты.­ 3 мың дана­ тираж­бен жарық көр­ген­­ кітаптың жібек­бауын қию­ рәсіміне Түркі­­тілдес халық­тар­дың­ мәдениеті мен өне­рін дамы­ту­ ұйымы бас хатшысының орын­­­басары Билал Чакыд­жы, Темір­бек­­ Жүргенов атындағы қоғам­­­дық қор­дың­ төрағасы Сәпен Аңсат, өнер­тану кан­­дидаты­ Амангелді Мұқан қатыс­ты. Билал Чакыджы: «Орта Азия халық­­та­ры­ның мүддесіне қашан да қам­қор­ ТҮРКСОЙ бұдан әрі де Темірбек Жүр­ге­нов­тің қайрат­керлік болмысын дәріп­тей­­ беру­ үшін оның құрметіне әр­түрлі тіл­­дегі кітап­тарды жарық­қа­ шығарып, ау­­қымды салтанатты жиындар өткізуге даяр»,­ деді.­ Ал Мәдениет және спорт ми­нис­трі міндетін атқарушы Асхат Оралов Алматыда бас­тал­ған­ гала-кон­церт­тердің алдағы уа­қытта Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да­ жалғасын таба­тынын жет­кіз­ді. «Басты мақ­сатымыз – Те­мір­бек­ Жүр­генов секілді ұлы­ тұл­ға­лар­дың­ есі­мі­­ мен шы­ғар­ма­шы­лы­ғын мәң­­гілік есте­ қал­дыру. Сол себеп­­ті­­ ауқымды іс-шара­­лар­ Қазақ­­станда ғана емес, Түр­­кия,­ Өзбек­­стан, Түрікменстан және­­­ бас­қа­­ да түркітілдес елдерде­ де ұйым­­­­дас­­тырылды», деді министр.

Сондай-ақ бұл күні Т.Жүр­ге­­нов атын­дағы Қазақ Ұлттық өнер­­ академия­сында ТҮРКСОЙ ая­­сында Түркі елдерінің шы­­ғар­­ма­шылық жоғары оқу орын­да­ры­­ның қауымдастықтары ара­сын­дағы мемо­рандумға қол­ қойылды. Атап айт­сақ, Т.Жүр­ге­нов­ атындағы Қазақ Ұлт­тық­ өнер­ ака­демиясы, Әзербайжан Мем­­ле­кет­тік мәдениет және өнер уни­­вер­ситеті, Б.Бейшеналиева атын­дағы­ Қырғызстан мәдениет және өнер уни­верситеті, Өзбекстанның мем­ле­кеттік өнер және мәдениет инс­ти­ту­ты,­ Анкара музыка және бейнелеу өне­рі университетінің ректорлары мәдени-рухани маңызы зор құжатты қабыл­дап,­ бе­кіт­кеніне ризашылық біл­дір­ді. Ме­морандум мақсаты – болашақта түркі елдері шығар­машылық жоғары оқу орын­да­ры­ның қауымдастығын құру. Қауымдастықтың құрылуы түркі елдерінің шығармашылық жоғары оқу орындары арасында кластерлік академиялық білім беру, ғылыми зерттеулер және ұлттар арасындағы ынтымақтастықты тең құқықты негізде және ортақ мүдделерде нығайтуға мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024