Спорт • 30 Наурыз, 2023

Төртінші турда ұтылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Үндістанның астанасы – Нью-Делиде шахматтан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-при турнирі өтуде.

Төртінші турда ұтылды

Әлемнің әр қиырынан келген 10 үздік ойыншының қатысуымен өтіп жатқан байрақты бәсекені Бибісара Асаубаева сәтті бастаған еді. Алғашқы турда ол жергілікті спортшы Рамешбабу Вайшалиден басым түссе, келесі кезеңде грузиялық Нино Батсиашвилиді ұтты. Осы екі жеңісінің арқасында қазақ қызы жарыс кестесінде көш бастады. Өкінішке қарай, одан кейінгі кездесуінде Бибісараның жолы болмады. Төртінші турда ол осы турнирде ең жоғары рейтингке ие Ресей шахматшысы Александра Горячкинаға есе жіберді. Қара фигурамен ойнаған Асаубаева 70-ші жүрісте өзінің жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.

Қазіргі кезде ресейлік Полина Шувалова мен қытай­лық Чжу Цзинэр көш бастап келеді. Төрт кездесуден кейін олар 2,5 ұпайдан жинады. Александра Горячкина, Екатерина Лагно және Бибісара Асаубаева үшінші және бесінші орындарды өзара бөлісіп тұр. Бұл шахматшылар үш ойыннан өткізіп, екі ұпайды қоржынға салды.