02 Шілде, 2014

«Хилтон» кешенінде болды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хилтон» әкім­шілік-қонақүй кешенінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы құрылысы 2011 жылғы қарашада басталған жаңа ғимаратты аралап көрді. Астанада Есіл өзенінің сол жағалауында ор­наласқан кешеннің жалпы алаңы 15 мың шаршы метрден асады. 4 жұлдызды отельдер санатына жататын қонақүйдің 248 жатын нөмірі бар. Орта бағамды Hilton Worldwide бренді саналатын Hilton Garden Inn Ұлыбритания, Ресей, Италия, Германия, Польша, Нидерланд, Испания, Франция және Түркия секілді көптеген әлемнің елдерін қамтыған.