Ауа райы • 31 Наурыз, 2023

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында аяз күтіледі,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметі мен «Қазгидрометтің» 31 наурыздағы ескертуіне сүйене отырып, Алматы тауларында қатты жауын-шашын күтіледі, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. 1 сәуірде түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуы керек екенін ескертеді.

«Сонымен қатар тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз! Көмек қажет болса, мына телефондарға хабарласыңыз: 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60», делінген хабарламада.