Әлем • 01 Сәуір, 2023

Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай шешімді Нью-Йорк сотының қазылар алқасы шығарды, деп хабарлады Egemen.kz.

Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

«Хабар 24» таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президентіне қылмыстық айып тағылды. Бұл ретте, Дональд Трамқа қарсы бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айта кету керек.

Мәселен, Әділет министрлігі экс-президент қызметінен кеткен соң Флоридадағы саяжайында құпия құжаттарды сақтады деп айыптады. Ал Конгресс комитеті Трамп жақтастарының Капитолийге шабуылын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ бұрынғы Президенттің 2016 жылғы сайлау науқаны кезіндегі қаржылық есептері біраз күмән тудырғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше