Спорт • 02 Сәуір, 2023

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан төртінші орын иеленді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан төртінші орын иеленді

Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде төртінші орынға тұрақтаған Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесіп, қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Ойын барысында норвегиялық хоккейшілер жинақы қимылай білді. Нәтижесінде, олар қазақстандықтардан 5:1 есебімен басым түсіп, қола медальға ие болды.

Енді финалда Швеция мен Финляндия шеберлік байқасады.