Аймақтар • 02 Сәуір, 2023

Алматыдан 17 шақырым жерде жер сілкінді

918 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан 17 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.

Алматыдан 17 шақырым жерде жер сілкінді

Кезекші оператор ұсынған деректерге қарағанда, жер сілкінісі бүгін, 2 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 16:56-да тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан 17 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.2. MPV магнитудасы – 3.6. Эпиорталық координаттары – 43.07° с.е. және 76.81° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды», делінген хабарламада.